көліктерді есепке алу

Қазақстанда жеңіл көліктердің қатары көбейді. Ақпан айындағы есеп бойынша 157,9 мың темір тұлпар заңдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 72,3%, жүк автомобильдері – 2 есе, автобустар – 2,5 есе артты. Ұлттық статистика бюросының 1 наурыздағы мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны – 4 584,5 мың. Оның ішінде 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар. 2023 жылғы ақпанда 1 715 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайды.

Тағы оқыңыз: Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавлда орналасқан 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x