«Еңбек жолы» конкурсының үздіктері анықталды

2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні – мерекесі аталып өтеді. Осыған орай, «CЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ кәсіпорнында салтанатты жиын өтті. Биыл «Еңбек жолы» конкурсына үш номинация бойынша облыстың 39 кәсіпорны мен ұйымы қатысты. Бүгін үздіктер марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі іс-шарада марапатталғандардың бірі еңбек саласында 37 жылдық өтілі бар жетекші инженер – Борис Огневец. Ол өңірлік конкурсқа қатысып, «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша 2 орынды иеленді.

«Менің міндетім – жұмысшыларға тапсырмаларды бөліп беру, бұйрықтар шығару, орындалған тапсырмаларды тексеру. Жас мамандарды даярлауда алдымен ұзақ дайындық жүргізіп, көмегімізді көрсетеміз»,-дейді «Қазақстан электр желісін тарату компаниясы» АҚ жетекші инженері Борис Огневец.

Еңбек күні мерекесі 2013 жылдан бері Мемлекет басшысының жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Осы жолғы «Еңбек жолы» конкурсына облыстың 39 кәсіпорны қатысып, өз бақтарын сынады. Олар үш номинация бойынша үздікті анықтады.

«Республикалық деңгейдегі байқау үш номинация бойынша өткізіледі. Біріншісі, «Үздік еңбек әлеуеті» номинациясы бойынша ең ұзақ еңбек өтілі және ең көп марапаты бар әулеттерге басымдық беріледі. Келесі, «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша конкурсқа кемінде 20 жыл еңбек өтілі бар білікті тәлімгерлер қатыса алады. Соңғысы, «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясы бойынша 5 жылға жуық еңбек өтілі бар ең белсенді , еңбекқор қызметкерлер бақ сынайды»,-дейді СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мирас Сабағанов.

Елордада өтетін «Еңбек жолы» республикалық конкурсының ақтық кезеңі қыркүйектің 22-сіне жоспарланған. Оған өңірде үздік атанғандар жолдама алады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да мал ұрлаудың 15 фактісі тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x