Қырғызстанда Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды. Дүбірлі додада үш мыңнан астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 113 елден шамамен үш мыңнан аса спортшы қатысады. Биыл спортшылар 43 спорт түрі бойынша өнер көрсетеді. Олардың қатарында ұлттық ойындар, ат спорты, ұлттық күрес түрлері, зияткерлік ойындар мен құсбегілік сайыстар бар.
Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел намысын 150-ден астам спортшы қорғайды. Осыдан екі жыл бұрын Астанада отандық толағайлар 114 медаль жеңіп, жалпыкомандалық есепте топ жарған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 6 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш аттады

