Биыл көліктің VIP нөмірі 210 444 теңге тұрады

2023 жылы солтүстікқазақстандық жүргізушілер  VIP нөмірлерді сатып алу үшін 107 млн теңге төлеген. Былтыр Петропавл қаласының мамандандырылған ХҚКО 306 жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.  2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері  сұранысқа ие болыпты.  Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті құрайды. Ол 2024 жылы 210 444 теңге болып отыр. 

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін  1 052 220 теңге тұрады. Жалпы, 2023 жылы  облыс бойынша 87 мыңнан астам көлік тіркеліп, 126 мың жүргізуші куәлігі берілді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ювеналды полиция балаларды құқықтық нормативтік актілермен таныстырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x