экология

СҚО-ның аудан орталықтарында кәріз желілерін тазарту станцияларының болмауы қолайсыз экологиялық жағдай туғызып отыр. Айталық, өңірдегі 13 ауданның тек 4-де ғана су бұру желілері бар. Бұл туралы экологтар облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Кәріз желілері мен тазарту құрылыстарының тозуы, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында кәрізді тазарту станцияларының болмауы қолайсыз экологиялық жағдайлардың орын алуына әкеп соғуда дейді экологтар. Қазіргі уақытта өңірдегі шағын қалалар мен елді мекендерде су бұру проблемасы бар. Мәселен, 13 аудан орталықталығының тек 4-де ғана аталған желілер бар. Петропавл қаласында да мәселе оңып тұрған жоқ.

«Қалалық кәріз ағындарын тазарту мәселелерін шешу мақсатында 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қызылжар су» ЖШС-і техникалық қайта жарақтандыруды жүзгізіп жатыр. Жұмыстар әлі күнге дейін аяқталмағанын атап өткен жөн. Бұдан бөлек, аталмыш кәсіпорынның балансындағы «Биотоған» сарқынды суларының жинақтағышы Петропавл қаласында күкірт сутегінің асып кетуінің негізгі көзі болып отыр. Бұл мәселені шешу үшін биотоғанға хлорелла балдырлары жіберіліп жатыр», – дейді облыстық экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Өңірде рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің мәселесі де өзекті. Егер өткен жылы мамандар 232 осындай үйіндіні анықтап соның 224-ін жойса, биыл қалдықтарды төгуге арналған 69 орын анықталды. Соның 49-ы рұқсат етілмеген және 20-ында түрлі бұзушылықтар бар болып шықты. Бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдар заңсыз қоқыс аладарының 32-сінің көзін жойды.

«Министрліктің тапсырмасымен қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың жолын кесу жоспары әзірленді. Оның асянда арнайы мобильді топ құрылды. Олар аудандарды аралап, тұрғындармен кездесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтап, жою бойынша жұмысты іске асырады. Осылайша, биыл қалдықтарды орналастыруға рұқсат етілмеген 60 орын тіркелді. Оның ішінде 20 полигон жойылды. Тіркелген 60 орынның 33-і Петропавл қаласының аумағында орналасқан», – деді спикер.

Тағы оқыңыз: Шетелдік есептегі көлікпен жол ережесін бұзған 108 жүргізуші анықталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x