Солнечный кенті

Петропавлдағы Солнечный кентінің тұрғындары депутаттармен кездесіп, мұнда жол және су мәселесінің өзекті екендігін айтты. Көктем мен күз мезгілінде жолдың жоқтығынан ауданға қоғамдық көліктер де кірмейді екен. Салдарынан балалар балабақшаға, оқушылар мектепке жете алмай қиналады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілішісі.

солнечный

Қазіргі уақытта Солнечный кентінде 500 үй бар. Барлығының мәселесі бір. Су ағарлар болмағандықтан жылда қар еріген кезде ауыл іші саз-батпаққа айналып, көлік түгілі, адам аяқ аттап жүре алмайды.

«Мен осы ауылда 19 жыл тұрып келемін. Негізгі мәселе – жолдың жоқтығы. Ауылға 27-ші автобус қана қатынайды. Оның өзі жол болмаса кірмейді. Қыста қар дұрыс тазаланбайды және уақытылы шығарылмайды. Салдарынан көктемде жер езіліп, жүру мүмкін болмай қалады. Тағы судың қысымы төмен. Соның кесірінен жылыту маусымы кезінде де қиындықтарға тап боламыз», – дейді Солнечный кентінің тұрғыны Мәлік Өдербаев.

Бұдан бөлек, аудандағы балаларға арналған ойын алаңы дәл жардың жанында орналасқан. Оның өзі әбден тозығы жеткен. Абаттандыру жұмыстары да көңіл көншітпейді. Тұрғындар бірнеше рет қалалық әкімдікке барып өтініш жазған. Алайда оны елеген жан болмаған. 

Солнечный

«Мен Солнечный кентінен бір мандатты округ бойынша сайланған депутатпын. Бүгін ауыл тұрғындарымен кездесіп жатырмын. Олардың айтуынша 30 жыл бойы ешқандай мәселе шешілмеген. Жауапты мамандар қаншама рет уәде беріп сөздерінде тұрмаған. Барлық жобалық-сметалық құжаттар дайын болса да, ешқандай жұмыстар жүргізілмепті. Мен депутат ретінде, әкімдікке сауал жіберіп, арнайы комиссия құрып, осы мәселені қолға алатын боламын», – дейді обылстық мәслихат депутаты Ольга Клишина.

Тағы оқыңыз: 46 жастағы солтүстікқазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x