Облыстың 46 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

46 жастағы теріскейліктің бұрын туу туралы куәлігі болған.  Алайда, белгілі бір себептерге байланысты құжатынан айырылып қалыпты. Енді осы жолы алғаш рет жеке куәлігін алып отыр. Айта кетсек, азамат есепте тұр, бас бостандығын шектеу түрінде жазасын өтеуде. Енді солтүстікқазақстандық мемлекеттік қызметтерді толыққанды пайдаланып, жұмысқа орналаса алады. Сонымен қатар, енді оған медициналық және әлеуметтік көмек түрлері де қолжетімді.

“Құжат алуға көмектескен барлық мамандарға алғысымды білдіремін. Инспекторлар менің өтінішіме жедел жауап қатып, жәрдемдесті. Барлық процестер жылдам өтті. Енді ресми түрде жұмысқа тұрып, анама көмектесе алатыныма қуаныштымын”, – дейді өңір тұрғыны.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x