үй жануарлары

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұрғындар өздерінің үй жануарларын есепке қоюға міндетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында жануарларды есепке алу жөніндегі «ТАNBA» ақпараттық сервисі жұмыс істейді. Бүгінгі күні онда 566 үй жануары есепке қойылған.Чип салу жануарларға неғұрлым жауапкершілікпен қарауға және қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты мәселені шешуге септеседі.

“Чип салу – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі. Чип дербес 15 мәнді цифрлық кодтан тұрады, ал жануар мен оның иесі туралы ақпаратты сақтау үшін чиптелген жануарлардың электрондық дерекқорлары пайдаланылады. Он бес цифрлы ұяшық жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде сәйкестендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Бұл дегеніміз, әр жануар өмір бойы сақталатын бірегей сәйкестендіру кодын ала алады, оны толықтыру немесе өзгерту мүмкін емес. Оның өзгермейтіндігі – микрочип нөмірлерінің жалған болмауының кепілі. Чиптен ақпаратты оқу саны шектелмеген”,-дейді СҚО ветеринария басқармасы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің бас маманы Мадиан Тюгумбаева.

Микрочип қуат көзін қажет етпейді және өздігінен ешқандай сәуле таратпайды, тек сканермен белсендіріледі. Бүгінгі күні жануарларға чип салумен Петропавл қаласының клиникалары айналысады.

Тағы оқыңыз: 7 солтүстікқазақстандық жаңа куәлік алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x