1 наурызда «Отау» тұрғын үй бағдарламасы басталады

Ертең, яғни 1 наурыздан бастап «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін қазақстандықтар otbasybank.kz порталында бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бағдарламаға ҚР азаматтығы немесе қандас мәртебесі бар, 18 жастан 63 жасқа дейінгі адамдар қатыса алады. Сонымен қатар қатысушының соңғы 6 ай ішінде ресми табысы болуы керек, өзінің және отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жыл ішінде кез-келген жылжымайтын мүлік түрінің болмауы да тексеріледі.  Астана, Алматы қаларының тұрғындарына 30 млн теңге қаражат берілсе, еліміздің басқа өңірлерінде тұратын жандарға берілетін заем сомасы 18 млн-ға тең.

«Отау» бағдарламасының шарттары бойынша  алғашқы жарна – 20%-дан басталады. Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 9% (ЖТСМ 9,2% бастап). Несие 19 жылға дейін беріледі. Бағдарламаға Отбасы банк салымшылары ғана қатыса алады», – деді «Отбасы банк» АҚ СҚОФ бизнесті дамыту бөлімінің маманы Назерке Ғалым.

«Отау» бағдарламасына қатысатын тұрғындардың депозиті кемінде 18 ай және жинақта 1 млн теңге көлемінде қаражат болуы керек. «Табысты», «Жинақ» және «Арнау» тарифтік бағдарламалары шеңберінде ашылған депозиттер бағдарламаға қатыстырылмайды. Және салымшыда инкассалық өкімдер мен төлем талаптары түріндегі шектеулердің болмауы да маңызды. 

«Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе бойынша жүргізіледі. Салым бойынша сыйақы мөлшерінің көлемі – әрбір 1 000 теңге үшін 5 балл. Депозит мерзімі, яғни әрбір жыл үшін 5 балл беріледі. Және егер бағдарлама қатысушысы некеде болса оған тағы 10 балл қосылады. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалары болса 50 балл беріледі», – деді Назерке Ғалым.

Бағдарламаға бірнеше депозитті пайдалана отырып қатысуға болады. Алайда өтінім беру сәтінде оларды міндетті түрде біріктіріп, «Баспана» тарифтік бағдарламасына алдын ала көшіріп қою қажет. Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек алғашқы нарықтан ғана тұрғын үй сатып алуға болады. Басқа елді мекендерде кез келген тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі бар.

Тағы оқыңыз:СҚО-да екі ірі көпір апаттық жағдайда

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x