Солтүстік Қазақстан облысындағы «Красный бор» арнайы табиғи аумағында маралдар қырылып жатыр. Ондаған жабайы жануардың өлексесі қорыққа жақын маңдағы Заречный ауылының қоқыс полигонына тасталған. Талап бойынша өлекселер арнайы орында жойылуы тиіс. Қорықтың аумағы 62 мың гектардан асады, деп хабарлайды Qazastan Media тілшісі «Қазақстан» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Былтырғы санақ бойынша «Красный бор» арнайы табиғи аумағында 1300-ден астам марал тіркелген. Табиғи аумақта еліктер мен қабандар да тіршілік етеді. Мемлекет қорғауына алынған жануарлардың қысқы жеміне 5,5 млн теңге бөлінген. Мамандар азықтың жеткілікті екенін айтады.

Солтүстік Қазақстанда маралдар қырылып жатыр  

«Қыс бойы жаңбыр жауды, одан кейін қатты аяз болды. Оның үстіне бізде қардың көлемі өте көп. Сондықтан да оларға азық табу өте қиын. Маралдардың басты өлу себебі – олардың әлсіз болуы. Сараптама нәтижесі бойынша оларда инфекциялық аурулар табылмаған», – деді облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Қуан Есімов.

Тағы оқыңыз:1 наурызда «Отау» тұрғын үй бағдарламасы басталады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x