Ұлттық білім беру базасынан педагогтің жеке деректерін алуға болады

Оқу-ағарту министрлігі ұлттық білім беру деректер базасын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Онда білім беру ұйымы туралы мәліметтер, педагогтің жеке деректері, білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасы көрсетіледі. Бұл жайында ведомства министрі Ғани Бейсембаев «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» тақырыбындағы мектеп директорларының форумында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Форум оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен  өтті. Шараға Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 1200-ден астам білім беру орындарының басшылары жиналып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Солтүстік Қазақстаннан 300-ге жуық делегат қатысты.

 

Еліміздің бас ұстазы отандық білім беру жүйесін дамытудың маңызды аспектілеріне тоқталып, кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен төрт жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни екі есе өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтердің жалақысы 30%-ға өсті. Бұл бағыттағы жұмыстар, яғни педагогтерді қолдау шаралары жалғасады. Биылдан бастап білім беру қызметкерлерін көтермелеу жүйесі, сондай-ақ білім беру ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы қайта қаралатын болады», деді Ғани Бейсембаев.

Ведомство басшысының айтуынша, бүгінде министрлік ұлттық білім беру деректер базасын жетілдіру бағытында жұмыс жүргізуде. Онда білім беру ұйымы туралы мәліметтер, педагогтің жеке деректері, білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасы және т.б. көрсетіледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстан 430 әскериін бітімгер ретінде соғыс аймақтарына жібереді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x