Қыркүйек айында неше күн демалыс бар?

Қыркүйек айында мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер күні жоқ. Бірақ, бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Аптасына 5 күн жұмыс істейтін  қазақстандықтар күздің алғашқы айында  9 күн демалады. Ал, сенбі күні де жұмысқа шығатын азаматтар алдағы айда 5 күн демалатын болады.  Мемлекеттік немесе ұлттық мерекелер болмағанымен, қыркүйекте  бінеше кәсіби мереке бар:

Білім күні – 1 қыркүйек. Айдың бірінші жексенбісі – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні. Ал, Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі. Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек. 28-ші қыркүйек –  Атом саласы қызметкерлері күні.  Әділет органдары қызметкерлері төл мерекелерін  30-шы қыркүейкте атап өтеді.  Машина жасаушы күні және  Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 655 жаңа медициналық мекеме салынады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x