[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/62175c018fbd2546576057-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Алдағы дүйсенбіден бастап елімізде өз ісін ашамын деушілер мемлекеттік грантқа өтініш бере алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайтарымсыз қаржы алуға өтініштер Business.enbek.kz порталында қабылданады. Грант үлестіру төрт лек бойынша жүзеге аспақ. Оның алғашқысы 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында өткізіледі. Гранттар саны – 2577. Қайтарымсыз грант, 1 млн 380 мың теңгені алуға үмітті жандар төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:

  • мүгедектігі бар адамдар;
  • қандас мәртебесін алғандар;
  • қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
  • аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
  • көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы, зайыбы);
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы, зайыбы);
  • асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x