Ғ. Нұрмұхамбетов: Су басу қаупі бар аудандарды ерекше назарда ұстау қажет

Қала көшелерін қардан тазалау жұмыстары көңілден шықпайды. Жауапты компаниялар өз міндеттерін дұрыс орындамай жатыр. Мұны облыстық әкімдікте өткен жиында облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық әкімдікте өткен жиында көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды. Өңір басшысы Петропавл қаласындағы жағдайға ерекше тоқталды. Себебі, тұрғындар тарапынан қар шығару, тазалау жұмыстарына деген шағым көп.

«Жауапты компаниялар қар шығару жұмыстарын жауапсыз атқаруда. Қаланың шеткі көшелері тұрмақ, орталығының өзінде қар жөнді шығарылмай жатыр», – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ал синоптиктер ақпан, наурыз айларында да қар түсіп, боран болады деп болжап отыр. Сондықтан өңір жетекшісі Мичурино, Ойқала, Былғары зауыты сынды аудандарды басты назарға алу қажеттігін айтты.

«Су басу қаупі бар аудандарды ерекше назарда ұстауды тапсырамын. Наурыздың 20-сына дейін ол жерлерден қар толық шығарылуы тиіс. 30 %, 50 % емес, толық 100 % тазартылсын. Жұмысқа қарқын қосыңыздар», – деп түйіндеді өңір жетекшісі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 3 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x