Қаруды тазалап жатып өзін атып алған: СҚО-да оқ тиіп жараланған ер адам ауруханаға жеткізілді

Солтүстік Қазақстанда 49 жастағы ер адам абайсызда өзін-өзі атып алған. Оқ тиіп жараланған тұрғын  ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Оқиға 16 қыркүйек күні Аққайың ауданында болған. Оқ тиіп жараланған ер адам дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Кейін анықталғандай, 49 жастағы ер адам қаруын тазартып жатқан кезде абайсызда иығына оқ атып алған.

«Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша СДТБТ-ға енгізілді. Жағдайлар анықталуда. Тексеру жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да көпбалалы ана өз қызын пышақтап тастады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x