Астанада республикалық тамыз конференциясы өтіп жатыр. Шарада солтүстікқазақстандық ұстаз Мемлекет басшысының қолынан марапат алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Астанада республикалық тамыз конференциясы басталды. Алқалы басқосуға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
Ұстаздардың биылғы жиыны «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды.

«Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар.
Ыбырай Алтынсарин «Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін» деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс», – деді президент.

Шара барысында салаға еңбегі сіңген бірқатар ұстаздар марапатталды. Соның арасында солтүстікқазақстандық Шолпан Әблемова да бар. Мемлекет басшысы педагогке «Қазақтанның еңбек сіңірген мұғалімі»құрметті атағын табыстады.

Шолпан Бақытқызы — қалалық №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі — 44 жыл.

Саланың жілігін шағып, майын ішкен мамандар — жас ұрпаққа үлгі. Шолпан Бақытқызы сияқты білікті жандар өнегелі ұл-қыздарды тәрбиелеуге, жас мамандарға жол сілтеуге зор септігін тигізетіні сөзсіз.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басынан «Таза Қазақстан» акциясы аясында 800-ден астам шара өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *