Облыста Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асым жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында күн сайын түрлі шаралар өтуде. Сенбіліктер, ән мен би байқауы және спорттық сайыстар. Бірақ, бүгінгі шараның форматы ерекше болды. Өңірдің белсенді жастары қаламыздың басты көшесінде интерактивті ойындар ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Экологиялық сұрақтарға жауап берді, сөйлемдерді рет-ретімен құрады және қағазға тілек жазып, ағашқа ілді.

«Жыл басынан облыста 800-ден астам тазалық шарасы өтті. Оның 200-і Петропавлда ұйымдастырылды. Соңғы бір жарым жыл ішінде халықтың тазалыққа жақындай түскені көңіл қуантады»-, деді СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпараттық орталығының бөлім басшысы Анастасия Волкова.
Ұйымдастырушылар шараны Қазақстан Конституция көшесі бойында тегіннен-тегін ұйымдастырған жоқ. Белсенділер мейлінше көп тұрғындармен тілдесіп, тазалыққа шақырғысы келеді.
Интерактивті ойынға бірсыпыра адам қатысты экологиялық сұрақтарға жауап берді. Жауапты дәл тапқандарға тәтті және тұрмысқа қажетті сыйлықтар табысталды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз тасталған қоқыс үшін 12 ауылдық округ әкімі айыппұл төледі.