Мамлют ауданы, Меңкесер ауылы маңында болған жол-көлік оқиғасы екінші тамыз таң алдында болды. Салдарынан 23 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media.

Меңкесер ауылы маңында болған оқиғаға қатысты полицич департаменті түсініктеме берді. Онда жол-көлік оқиғасы облыстық маңызы бар тас жолда болғаны айтылған.

«Mercedes көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында аталмыш машинаның жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сараптамалар жүргізіліп,кейін процессуалдық шешім шығарылады. Көлік ішінде жүргізушіден бөлек жолаушы да болған.

Тағы оқыңыз: Тұрғын үй қорын жаңарту: Солтүстік Қазақстан облысында реновация бағдарламасы жалғасуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *