Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша және Ғ. Мүсірепов аудандарында субзоналарды құру туралы Үкімет шешімі қабылданды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Рүстем Курмановтың төрағалығымен өткен Инвестициялық штабтың кезекті отырысында айтылды, деп жазады Qazaqstan Media.
«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағын дамытуға баса назар аударылуда. Басқарушы компанияның директоры Н.Садықов АЭА аумағының кеңейтіліп жатқанын хабарлады. Шілде айында 24,5 гектарлық жаңа бес субзона құрылған, алдағы уақытта бұл аймақ 150 гектарға дейін ұлғаймақ.
Сонымен қатар, Тайынша және Ғ. Мүсірепов аудандарында 6 және 7-субзоналарды құру туралы Үкімет шешімі қабылданды.
Кеңесте Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дастан Амрин бірінші жартыжылдықтағы инвестиция тарту нәтижелерін баяндады.
«2025 жылдың бірінші жартысында облыс экономикасына 214,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 119,6%-ға жоғары. Мұндай өсім өңірдің инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді»,-деді ол.
Тағы оқыңыз: Петропавлда 10 000 вольттық ток соққан ер адам аман қалды