23 маусым – Қазақстанда Мемлекеттік қызметкерлер күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен шешімге сәйкес, жыл сайын мемлекеттік аппаратта адал еңбек етіп жүрген мамандарды ұлықтауға арналған, деп жазады Qazaqstan Media.

2003 жылдың  наурызында БҰҰ Бас ассамблеясының 57-сессиясында 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылдады. Ал елімізде бұл дата ресми түрде 2013 жылы бекітіліп, содан бері Мемлекеттік қызметші күні ретінде аталып келеді.

«Республиканың тұрақты дамуы тікелей мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне байланысты. Бүгінде олар – қоғамдағы ауқымды өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік қызметшілері өңір экономикасының дамуына, институттардың нығаюына және мемлекеттік бастамалардың жүзеге асуына елеулі үлес қосып келеді.

Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, амандық, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарыңыздың сәтті жүзеге асуын тілеймін! Мереке құтты болсын!»,-деп жазылған СҚО әкімінің құттықтауында.

Қазіргі кеде елімізде 84 мыңнан астам маман мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен талантты жастарға әлеуметтік лифт болатын Президенттік жастар кадр резерві жобасы қолға алынған. Оған жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл еңбек өтілі және 35 жастан аспаған азаматтар қатыса алады. 2019, 2021 және 2023 жылдары өткен іріктеулерге 60 мыңнан астам қазақстандық қызығушылық танытып, соның ішінен 400 адам мемлекеттік қызметке қабылданған. Бүгінде олардың 318-і жауапты қызметтерге тағайындалып, экономиканың түрлі салаларында еліміздің дамуына өз үлестерін қосып отыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 160-қа жуық есірткі қылмысы тіркелген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *