Интернетте 15,8 миллион ЖСН, 17 миллион қазақстандықтың телефон нөмірі, мекенжай мен өзге де жеке деректері ашық қолжетімді болып кетті. Бұл туралы Orda.kz. жазды, деп хабарлады Qazaqstan Media.
SecuriXy.kz Telegram-арнасының мәліметінше, бұл деректер 799 МБ көлеміндегі мұрағатта орналасқан. Онда адамның аты-жөні, жынысы, туған күні, азаматтығы және тіпті қай стоматологиялық орталыққа немесе мемлекеттік органға жүгінгені көрсетілген.
Сарапшылардың пікірінше, деректердің таралуына жартылай ашық мемлекеттік API жүйелеріне рұқсаттың болуы, қауіпсіздігі нашар онлайн платформалардың бұзылуы немесе интеграциялық жүйелерден кездейсоқ жүктелу себеп болуы мүмкін.
Мәліметтердің өзектілігіне келсек, ақпараттың басым бөлігі 2022 жылға, ал кейбірі 2023–2024 жылдарға тиесілі. Бұл — деректердің жуырда жарияланғанын білдіреді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті