Петропавлдағы жылу электр орталығы аумағында жұмысшы алты метр биіктен құлап, жарақат алды. Қазіргі кезде ол көпбейінді қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Маусымның 12-сі күні жылу электр орталығының аумағында жұмысшының өндірістік жарақат алуы тіркелді. 40 жастағы ер адам алты метр биіктен құлаған. Ол «Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС-нің маманы. Апат болған кезде жұмысшы жылу агрегаттарының ішкі бетін қаптап жүрген. Зардап шеккен қызметкерге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.

«Науқас қазіргі кезде жансақтау бөлімінде жатыр. Сол жақ бірнеше қабырғасы сынып, орнынан тайып кеткен. Бас-ми жарақатын алған. Сол жақ жамбасы мен желкесінің сол жағы көрген», — дейді дәрігерлер.

Қазір ҚР заңнамаларына сәйкес, оқыс оқиға бойынша тергеу басталды. Арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады. «Средазэнергомонтаж Петропавловск» ЖШС-нің бас директоры Максим Бублейник тексеріс нәтижесін хабарлайтын боламыз деді.

«Әрине біз өз қызметкерімізге 100 пайыз көмек көрсететін боламыз. Сағат сайын дәрігерлермен хабарласып, оның денсаулығын біліп отырмыз. Қазір жағдайы тұрақталды», — деп жауап берді Максим Бублейник.

Тағы оқыңыз: Петропавл әуежайы тәулік бойы ұшақтарды қабылдай алады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *