23-ші мамыр күні Петропавлдағы автобус парктерінің бірінде оқыс оқиға орын алды. Қоғамдық көлікті жөндеп жатқан 64 жастағы ер адам автобустың астында қалып қойды. Ол ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған, деп жазады Qazaqstan Media.

Оқиғаның қалай болғанын және кінәлілер бар-жоғын полицейлер анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол домкратты өзі жылжытқан кезде, автобустың астында қалған. Толық медициналық тексерістен кейін дәрігерлер оған, қабырға сынуы, жамбасы мен өкпесіне зақым келген деген диагноз қойды.

«Алғашында пациент жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Кейін жағдайы тұрақталды. Қазір жарақаттану бөлімінде дәрігерлердің бақылауында», — деп хабарлады қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Денсаулық аралы»: Петропавлдықтар тегін тексеруден өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *