Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Екі жұлдыз» вокалдық байқауы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға кәсіби әншілермен қатар, өнерге құштар жандар да қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда «Екі жұлдыз» вокалдық байқауы өтті
Петропавлда «Екі жұлдыз» вокалдық байқауы өтті


Іс-шараның ерекшелігі – әр дуэт ана тілінде емес, өзге тілде ән орындауы тиіс болды. Байқауға 11 дуэт қатысты. Олардың қатарында Шал ақын, Аққайың аудандары мен облыс орталығының өкілдері болды.

«Біз бұл байқауға жақсы дайындалдық. Әнді жаттау, тілдің дұрыс айтылуын үйрену біз үшін қызықты әрі пайдалы болды. Ең бастысы, сахнада өзімізді еркін ұстап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйладық. Мұндай шаралар әр ұлт өкілінің бірлігін көрсетеді деп ойлаймын», — деді байқауға қатысушылар.

Петропавлда «Екі жұлдыз» вокалдық байқауы өтті
Петропавлда «Екі жұлдыз» вокалдық байқауы өтті

Байқауға ересектермен бірге балалар да қатысып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетті. Репетициялар, костюмдер дайындау және сахнаға шығу алдындағы толқу – мұның бәрі бір арнаға тоғысып, ұлт өкілдерін біріктірді.

Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен марапатталды. Алайда, ең бастысы – бұл іс-шара достық пен бірліктің атмосферасын қалыптастырды.

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *