Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында тұрғындардың тұрмысын жақсарту үшін бірнеше бағытта жұмыс атқарылып жатыр. Әсіресе ауыл адамдарының әл-ауқатын арттыруға басымдық берілген. Қазіргі кезде аудандағы Спасовка және Торанғұл аулдарында құрылыс жанданып, ауылда әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Ауылда сапалы медицналық көмек көрсету үшін Спасовка ауылында медициналық пунктің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Ол ауыл адамдарына қолжетімді болады.
Медициналық мекеме болашақта заманауи құрылғылармен жабдықталады. Мұнда азаматтар үшін алғашқы медициналық көмек, профилактикалық тексерістер, сонымен қатар, амбулаторлық ем көрсетілетін болады. Жоба медицина қызметкерлеріне нәтижелі жұмыс істеуіне және ауыл тұрғындарына да қолайлы болу үшін жасалған. Қазіргі кезде нысанның қабырғасы тұрғызылып, шатыры жабылып жатыр. Құрылыс жұмыстары талаптарға және мерзімге сәйкес жүргізілуде.

Сонымен қатар, Есіл ауданындағы Торанғұл ауылында да құрылыс жұмыстары қызған. Мұнда «Азия-Торнғұл» ЖШС-гі өз жұмысшылары үшін баспана салып жатыр. Бұл аудан экономикасына, ауылдың тұрмыстық деңгейін көтеруге қосқан жеке инвестиция.

Бүгінгі таңда екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы ақяталуға шақ қалды. Жалпы аумағы 250 шаршы метр. Сондай-ақ, аумағы 100 шаршы метр болатын ьағы бір баспананы тұрғызу қолға алынған. Бұл өз мамандарының өмір сүру сапасын арттыруға, жайлы баспанада өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік жауапкершіліктің бар екендігін көрсетеді.
«Мұндай жобалар елді мекендердің дамуына үлкен серпін береді. Ауыл-аймақты дамытуға бөлінген мемлекеттік және жеке қаражат маңызды. Ақша инфрақұрылымды дамытуға, халықты қолдауға және түрлі салада жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жұмсалады»,- дейді аудан басшылығы.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 32 келіншек ЭКО жасатуға кезекте тұр