2025 жылы Қазақстанда ерте пісетін көкөністердің 580 мың тоннасы жиналады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіш маусымаралық кезеңде ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Елімізде ерте пісетін көкөністердің 580 мың тоннасы жиналады
Елімізде ерте пісетін көкөністердің 580 мың тоннасы жиналады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, елімізде жаздық дақылдарды егу жұмыстары басталып, барлық өңірлерде егіс науқаны қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, 3,7 млн гектар жерге жаздық дақылдар егілді, оның ішінде дәнді дақылдар – 2 млн гектар, жемшөп – 300 мың гектар, майлы дақылдар – 888 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары және картоп – 195 мың гектарды құрайды.

Оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністерді жинау жұмыстары басталды. Түркістан облысында 1,2 мың гектар алқаптан 38,3 мың тонна қырыққабат жиналды. Сонымен қатар, Түркістан облысында ерте картоп жинау басталып, маусым-шілде айларында 180,4 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Алматы облысында бұл көрсеткіш 37,8 мың тоннаны құрайды.

Жамбыл облысында 105,8 мың тонна, Түркістан облысында 55,4 мың тонна пияз жиналады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Түркістан облысында маусым айының соңына қарай 30,3 мың тонна ерте пісетін сәбіз жиналады.

 

Тағы көріңіз: СҚО-да ашытқы өндіретін зауыт салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *