Солтүстік Қазақстан облысында алимент төлемейтін борышкерлердің саны артып келеді,
деп жазады Qazaqstan Media.

2025 жылдың басында облыстағы жеке сот орындаушыларының өндірісінде 9 522 алимент өндіру ісі тіркелген. 721 іс бойынша кәмелетке толмаған балаларға алимент мүлде төленбеген. Нәтижесінде жалпы қарыз сомасы 500 миллион теңгеге жеткен. Алимент төлемегені үшін 67 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 адам ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотталған. Борышкерлерді жұмысқа орналастыру мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен бірлесіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп, жұмысқа орналасу қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілуде. Бұл шаралар алимент өндірудің тиімділігін арттыруға және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Тағы көріңіз: СҚО-да ер адам ауылдасын тырнауышпен жарақаттады