Петропавлда 27-ші сәуір күні 25 жастағы велосипедшінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. «Audi»  автокөлігінің  жүргізушісі велосипедшіні қағып кеткен, деп жазады Qazaqstan Media.

Оқиға Петропавлдың Омбы айналма жолында орын алды. 30 жастағы облыс тұрғыны жеңіл көлігімен петропавлдық велосипедшіні қағып кеткен. Салдарынан қос дөңгелекті көліктің иесі ауыр халде ауруханаға жеткзілді.

«Қазір пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған. Ота жасалды. Ішкі құрылысына зақым келген.  Бүйрегі толығымен алынды. Оған қоса,  қатты бас ми жарақатын алған. Жағдайы ауыр»,-деп нақтылады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Факті бойынша полицейлер толық материал жинауда. Кейін процессуалдық шешім шығару үшін сотқа жолданатын  болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да білім беру саласының әдіскерлері тәжірибе алмасып жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *