Солтүстік Қазақстанда  жобалық кеңсе әдіскерлері үшін қысқа мерзімді көшпелі тағылымдама басталды. Мұнда  еліміздің білім саласының әдіскерлері жиналды. Үш күн бойы олар мақсатты мектептермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін меңгереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Іс-шара мақсатты мектептермен жұмыс істеу тәжірибесін нығайтуға арналған. Әдіскерлер мен жобалық кеңсе жетекшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Биыл маусым айынан бастап облыста ҚР оқу-ағарту министрлігінің «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» республикалық жобасы жүзеге асырылуда.

СҚО-да білім беру саласының әдіскерлері тәжірибе алмасып жатыр
СҚО-да білім беру саласының әдіскерлері тәжірибе алмасып жатыр

«Бұл жобамен  облыстың 20 толық жинақты мектебі мен 560-тан астам педагог қамтылған. Әр мектепке 10 аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері куратор ретінде бекітілген. Жобаның нәтижесінде облыстың жобалық кеңсесі үздіктер қатарынан танылды. Сондықтан  тәжірибе алмасу мақсатында еліміздің 15 өңірінен келген әдіскерлерді қабылдап отырмыз»,-деді СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова.

Алдағы үш күнде қонақтар өңіріміздегі сапалы білім беру тәжірибесімен танысады. Онда мектеп менторлары мен директорлары өз тәжірибелерімен бөліседі.

СҚО-да білім беру саласының әдіскерлері тәжірибе алмасып жатыр
СҚО-да білім беру саласының әдіскерлері тәжірибе алмасып жатыр

«Жиын еліміздің бес өңірінде қатар өтіп жатыр. Біздің делегациямыз СҚО келіп отыр. Мақсат -елдегі 943 мақсатты мектептерді дамыту жобасына енген С деңгейлі мектептердің, санын азайту. Енді осы үш күндік қысқа мерзімді тағылымдамада үйренген жаңашылдықтарды өзіміздегі білім беру ошақтарында енгізуге септесемін деген үміттемін»,-деді Алматы облысы білім басқармасының бөлімінің басшысы Айдар Аллажаров.

Бұл іс-шара әдіскерлердің кәсіби өсуіне, мақсатты мектептермен жұмыс істеу әдістемелерін біріздендіруге және білім сапасын арттыруға бағытталған.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Еуропалық иммундау апталығы басталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *