Қызылжар ауданы Большая Малышка ауылының тұрғындары 28 сәуір күні қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл орайда полиция, жергілікті атқарушы орган мамандары аулаларды аралап, тұрғындарға су деңгейінің көтерілуіне байланысты, үйлерін уақытша қалдыру қажеттігін түсіндірді, деп жазады Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Қазір Қызылжар ауданы Большая Малышка ауданына қауіп төніп тұр. Ауылда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде.

«Азаматтарға толық көмек көрсету ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары мүлікті қауіпсіз жерге шығарып, тұрғындардың өтініштерін орындауда, тұрмыстық мәселелерді шешуге жәрдемдемдесуде»-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта ауылдың 20-дан астам тұрғыны жатақханаға орналастырылды, тағы 50-ге жуық адам уақытша туыстарына көшті.
Тағы оқыңыз: Уалиханов ауданында 120-ға жуық тұрғын «Таза Қазақстан» акциясына қатысты