Солтүстік Қазақстан облысы Уалиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылында 120 тұрғын сенбілікке шықты. Олар бірлесе отырып, Жеңіс саябағындағы қоқысты шығарып, шіріген бұтақтарды кесті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Ел көлемінде жарияланған жалпы ұлттық экологиялық акциясына Уәлиханов ауданының тұрғындары бір адамдай қатысты. Тазалық іс шарасы аталмыш ауданда алғаш ұйымдастырылып отырған жоқ. Бұған дейін елдімекендерде ағаш егу науқаны болған еді. Осы жолы ауыл азаматтары Кішкенекөлдегі Жеңіс саябағын қоқыстан тазалады. Шірік ағаштарды, бұталарды кесіп абаттандырды.

Тазалық науқанына 120 тұрғын ат салысты. Оның ішінде аудан басшысынан бастап, қарапайым ауыл азаматтары да бар.

Сонымен қатар, жеті техника жұмылдырылды. Бір КамАЗ көлігі, екі трактор және тіркееуіші бар төрт жеңіл автомобиль болды.Қураған шөпті тырмалап, тұрмыстық қалдықтарды жиыстырды. Бұл сенбілікте тұрғындардың күшімен 20 тонна қоқыс сыртқа шығарылып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына төгілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алдағы үш күнде бұршақ жауады