Көктемнің соңғы айында елімізде үш бірдей мемлекеттік мереке аталып өтіледі. 2025 жылдың мамыр айындағы мереке күндері мен демалыс күндерін ескерсек,  қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мамыр айында барлық мереке апта ортасына түсіп отыр. Бірінші мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күні — бейсенбі, жетінші мамыр –Отан қорғаушы күні  аптаның сәрсенбісіне келеді. Ал Жеңіс күні жұмаға сәйкес келеді. Осыған байланысты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Ал әзірге, қазақстандықтар мына тәртіп бойынша демалады:  бес күндік жұмыс аптасы болса,  1 мамырда демалады, 2 мамыр – жұмыс күні. 3 және 4 мамыр – күнтізбелік демалыс күндері.  Мамырдың  5 және 6  жұмыс күндері. 7 мамыр – мерекелік демалыс күні.  8 жұмыс,  9, 10, 11 мамыр – демалыс болады.

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамыр – мерекелік демалыс, 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері. 4 мамыр – демалыс күні, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері.  7 мамыр – мерекелік демалыс күні, 8 мамыр – жұмыс күні, 9 мамыр – демалыс. 10 мамыр – жұмыс, 11 мамыр – күнтізбелік демалыс күні.

Дегенмен мамырда кәсіби және басқа мерекелер аталып өтеді. Жұмыс күндеріне қарамастан, ол мерекелерді қатысы бар кәсіп иелері атап өтеді. 

5 мамыр – Дүниежүзілік акушерлер күні;

8 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және татуласу күні;

11 мамыр – Дүниежүзілік жыл құстары күні;

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;

 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;

 25 мамыр (мамыр айының соңғы жексенбісі) – Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Тағы оқыңыз: Айналаны таза ұстау-тұрғындардың міндеті. Солнечный-2 шағын ауданының тұрғындары сенбілікке шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *