Петропавлдағы оқушылар сарайында «Жас биолог-зерттеуші» атты облыстық ғылыми-зерттеу жобалар байқауы өтті. Онда қала және аудан мектептерінен келген 40-тан астам оқушы биология және экология саласындағы жобаларын ұсынды. Байқау «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті, деп жазады Qazaqstan Media.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және экологиялық ойлауды дамыту. 5-11 сынып оқушылары мемлекеттік және орыс тілдерінде өз жобаларын қорғады. Жұмыстарды Kozybaev University және қалалық Жоғары колледждің оқытушылары бағалады.

Облыстық «Жас биолог-зерттеуші» байқауына 40-тан астам оқушы қатысты
Облыстық «Жас биолог-зерттеуші» байқауына 40-тан астам оқушы қатысты

«Кейбір жобалар кейін бизнес-жобаларға айналып, халықаралық деңгейде таныстырылып жатыр. Қатысушылар өсімдіктер әлемін зерттеуден бастап, экологиялық шешімдер мен күнделікті өмірге арналған практикалық жобаларға дейін әртүрлі тақырыптарды қамтыды»,-деді оқушылар сарайының ғылыми-биологиялық бағыт бөлімінің меңгерушісі Лариса Воробьева.

Айыртау ауданынан келген Мейірбек Татыбаевтың жобасы қайың мен қарағай сияқты табиғи ресурстарды пайдалануға арналған.

Облыстық «Жас биолог-зерттеуші» байқауына 40-тан астам оқушы қатысты
Облыстық «Жас биолог-зерттеуші» байқауына 40-тан астам оқушы қатысты

«Мен жобамда орман ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын зерттедім. Бұл табиғатты қорғауға және ресурстарды ұтымды қолдануға бағытталған. Бұл қазіргі кезде өзекті проблема. Жасыл желектердің азаюы, орман алқабының жойылуы секілді проблема бар»,-деді байқауға қатысушы Мейірбек Татыбаев.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздар өз жобаларын республикалық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Облыстық «Жас биолог-зерттеуші» байқауына 40-тан астам оқушы қатысты
Облыстық «Жас биолог-зерттеуші» байқауына 40-тан астам оқушы қатысты

Тағы оқыңыз: СҚО-да Уәлиханов ауданы Кішкенекөлге 150 терек отырғызылды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *