Биыл еліміз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуде. Жамбыл ауданында осы маңызды күнге орай түрлі іс-шаралар белсенді түрде ұйымдастырылып жатыр. Аудандық ардагерлер кеңесі мен қорғаныс істері бөлімі тыл еңбеккерлерімен «Ерлік сабағы» аясында кездесулер өткізді,  деп жазады Qazaqstan Media.

Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка ауылының кітапханасында ерекше жиын өтті. Ол -сұрапыл соғыс жылдары даламызға жеңіс күнін жақындатқан жандар, тыл еңбеккерлерімен кездесу. Мұнда «Общение»  ардагерлер клубының мүшелері тыл еңбеккерлері Күлзипа Есмұханова және Нина Батракпен кездесті. Күлзипа Есмұханова биыл 94 жасқа толса, ал Нина Батрак 90 жаста. Екі қарт ана да 1941 жылдың 22 маусымында соғыс жарияланған күннен бастап тылда тынбай еңбек еткен. Әр күндерін, балалық шақтары мен жастық шақтарын ауыр жұмысқа арнаған жандар. Соғыс жылдарында олар біздің жауынгерлерімізді  қолдап, жеңісті жақындату үшін тылда аянбай еңбек етті.

Жамбыл ауданында тыл еңбеккерелеріне құрмет көрсетілді 
Жамбыл ауданында тыл еңбеккерелеріне құрмет көрсетілді

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшелері ардагерлерді алдағы мерекемен құттықтады. Игі теклетін айтып, тәтті сыйлықтар табыс етті. Іс-шараның маңызды сәті соғыс жауынгерлеріне арналған ескерткішке  гүл шоқтарын қою болды. Бұл майдан даласында қаза тапқан және елге жеңіспен оралған майдангерлерге  құрмет көрсету.

Жамбыл ауданында тыл еңбеккерелеріне құрмет көрсетілді 
Жамбыл ауданында тыл еңбеккерелеріне құрмет көрсетілді

Ауданның әр ауылында осындай іс-шаралар өткізіліп, ардагерлерді еске алу дәстүрі жалғасуда. Бұл тек құрмет көрсету ғана емес, жастарға Отан мен отбасы үшін шынайы ерлік пен жанқиярлықтың мысалдарын көруге мүмкіндік береді. Балалар, немерелер мен шөберелер ата-бабаларымен мақтана отырып, олардың портреттерін көрсетіп, соғысқа қатысқан жерлері мен алған марапаттары туралы айтып береді.

«Бұл кездесулерде  тыл еңбеккерлерінің әсерлі естеліктері жүректі  елжіретеді. Барлығы бір ғана нәрсені қалайды ол — бейбітшілік. Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар ер есімдерінің ел есінде екенін, өткен тарихымыз бен ата-бабаларымыздың ерліктерін ұмытпауға шақырады»- дейді ұйымдастырушылар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да күйік алған 61 жастағы ер адам ауыр халде ауруханада жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *