Солтүстік Қазақстанда үш ер адам көшеде аңдып жүріп,  62 жастағы тұрғынды тонап кетті. Күдіктілер оның қолындағы сөмкесін ала қашқан. Ал сөмкеде теңге, рубль және евро купюралары болған. Жалпы 4,7 миллион теңгеден асады, деп жазады Qazaqstan Media.

Оқиға сәуірдің 11-і күні М.Жұмабаев ауданының Булаев қаласында орын алды. Тонаушылар, үш ер адам, жәбірленушіні бірнеше күн бойы аңдып, кейін сөмкесін тартып алып қашып кеткен. Сөмкеде тек теңге емес, рубль мен евро купюралары да болған. Жалпы 4,7 млн теңгеден асады. Жәбірленуші полицияға дереу арыз жазып, қылмыскердің бет-әлпетін көре алмағанын айтты. Алайда, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, күдіктілерді тез арада анықтады.

СҚО-да 62 жастағы азаматтың сөмкесімен бірге 4,7 миллион теңгесі ұрланды
СҚО-да 62 жастағы азаматтың сөмкесімен бірге 4,7 миллион теңгесі ұрланды

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 50,43, 34 жастағы үш күдіктіні әшкереледі. Олардың жәбірленушінің ізіне түскеніне бірнеше күн болыпты. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды»,-деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

СҚО-да 62 жастағы азаматтың сөмкесімен бірге 4,7 миллион теңгесі ұрланды
ССҚО-да 62 жастағы азаматтың сөмкесімен бірге 4,7 миллион теңгесі ұрланды

Топ болып ірі көлемдегі тонау жасағандары үшін олар енді бес жылдан 10 жылға дейін темір торға қамалулары мүмкін.

Тағы оқыңыз: Есіл ауданында Жеңіс күні қарсаңында тыл еңбеккерлері құрмет көрсетілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *