Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Оған сәйкес, Рамазан айы бірінші наурызда басталады, деп жазады Qazaqstan Media.

Діни басқарма бекіткен кесте бойынша биыл ораза 29 күнге созылады. Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні болады.

Сонымен қатар, еліміздің мұсылмандар діни басқармасы Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын, айтты.

«Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», — делінген мәліметте.

Құрбан айт алтыншы маусымға белгіленген.

Тағы оқыңыз: 118 мың теңге үшін Петропавлдағы № 2-ші емхана мен «Айна-көз» орталығының басшысы сотталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *