Жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламалары іске қосылады. Мұндай мәселені Үкімет отрысында Премьер-министр көтерді, деп жазады Qazaqstan Media.

Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу шаралары талқыланды. Оның ішінде ең бастысы мамандарға ипотекалық тұрғын үй бағадрламасын қарастыру.

«Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын», — деді Үкімет отырысында Олжас Бектенов.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға  жұмысшылардың құқығын қорғауды күшейтуді тапсырды.

«Кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шаралары  қабылдануға тиіс. Сізге жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатаң мониторинг жүргізуді, соның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда зейнеткер алтыншы қабаттан құлап, мерт болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *