Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы көтерілді. Мамандар Сергеев су қоймасы 101 пайызға толып,  су  ернеуінен 4 см асқанын хабарлайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қыстың күні Есіл суының көтерілуі солтүстік өңір үшін таңсық құбылыс. «Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, Есіл өзенінде былтырғы көрсеткіштен  45-75 см асатын су деңгейі белгіленген.

Мысалы, Тоқсан би ауылындағы гидрологиялық бекетте Есіл өзенінің деңгейі 303 см, бұл өткен жылғыдан 55 см артық.  

Покровка ауылындағы бекетте өзен деңгейі 140 см, бұл өткен жылғы мәннен 48 см жоғары. Ал Сергеевка су қоймасында су деңгейі 804 см көрсетіп тұр. Бұл өткен жылғыдан  75 см көп. Су бөгет ернеуінен 4 см асып кеткен. Су қоймасы бүгінде 101% толық екен.

Петропавлдағы су бекетіндегі деңгей 273 см, бұл былтырғыдан  46 см жоғары.

Ал Үлкен Тораңғұл көліндегі гидрологиялық бекетте су деңгейі 333 см көрсетіп отыр. Бұл өткен жылғы мәнмен салыстырғанда 69 см артық.

«Облыстағы өзен-көлдердегі судың мол болуы көктемгі кезеңдегі үлкен су тасқынымен, жаздың жаңбырлы кезеңімен байланысты. Және жер асты суларының көтерілуі де байқалып отыр», — деді  «Қазгидомет» РММ СҚОФ басшысы Қымбат Мерғалимова.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ауыл дүкендерінде спирттік және темекі өнімдері заңсыз саудаланып келген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *