Аққайың ауданы жол тазалауға арналған үш техниканы сатып алмақшы

Аққайың ауданының әкімдігі жолдарды жақсы жағдайда күтіп ұстау үшін үш арнайы техниканы сатып алмақшы. Оны аудан әкімдігі мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырмақ, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұл туралы аудан әкімі Жанар Құсайын өңірлік коммуникациялар орталығында ұйымдастырылған брифингте айтып өтті.

Биыл аудандағы 17 шақырым жолды жөндеу үшін  813 млн теңге бөлініпті. Бұл қаражатқа Тоқшын, Власовка, Тюменка және Көктерек ауылдарына кіреберіс жолдар жөнделген. Сонымен қатар, Смирново ауылындағы алты көшенің жолы дұрысталыпты.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Аққайың ауданындағы Қиялы, Ленинское және Трудовое ауылдарының жолдары жөнделіп, оған 260 млн теңге жұмсалған.

Аудандық маңызы бар Смирново – Черкасское – Новороссийское бағытындағы жолды жөндеу үшін техникалық құжаттары жасалып жатыр. Жоба құны- 1,3 мрлд теңге.

«Бұдан басқа, коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында үш мамандандырылған техниканы: автогрейдер, экскаватор-тиегіш және КамАЗ автокөлігін сатып алмақшымыз. Ол үшін мемлекеттік сатып алу жарияланды. Мұның барлығы біздің ауданда өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған», — деді Жанар Құсайын.

Тағы оқыңыз: Шалақындық шаруалар облыс әкімі қолынан марапат алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *