Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру талаптарының сақталуына қатысты рейд жүргізілді. Қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары Назарбаев көшесі, 252 мекенжайындағы ғимаратты тексерді, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұрын бұл жерде мәдениет үйі болған. Қазір ғимаратта сауда орталығы орналасқан. Тексеру барысында оның артқы бөлігіндегі қасбет тақталарының тозғаны, баспалдақтардың бүлінгені және ғимараттың сыртқы келбетіне қатысты бірқатар кемшілік анықталды.

СҚО-да биыл 14 мыңға жуық адам абаттандыру ережесін бұзған
СҚО-да биыл 14 мыңға жуық адам абаттандыру ережесін бұзған

Қазіргі уақытта полицейлер ғимаратқа жауапты тұлғаларды анықтап, тиісті құжаттарды жинап жатыр. Абаттандыру қағидаларының бұзылғаны расталса, жауапты тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында абаттандыру қағидаларын бұзғандарға қатысты 13 880 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның 5 231-і Петропавл қаласында тіркелді. Қала аумағының тазалығы мен тәртібін бақылауға бағытталған рейдтер жалғасып жатыр», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық мұғалім интернет-алаяқтардың құрбаны болып, төрт миллион теңгесінен айырылды

Поделиться:

Shares