Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында жол жөндеуге бөлінген миллиондаған теңгенің қолды болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мердігер ұйымның бұрынғы басшысы 87 млн теңгені алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Заңбұзушылықтарды Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жүргізген тексеру барысында анықтаған.  Тимирязево – Докучаево автомобиль жолын орташа жөндеуге бөлінген бюджет қаражаты жоғалған. 

«Мердігер ұйымның бұрынғы басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. 12 қазанда материалдар прокуратураның ақпаратты есепке алу кітабына тіркеліп, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да өрт қауіпсіздігін күшейтуге 1,5 млрд теңге бөлінді

Поделиться:

Shares