Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 28 қазандағы Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, цифрландыру және қағазбастылықты азайту мәселелеріне тоқталды. Бұл міндеттер архив саласы үшін де өзекті. Өйткені тарихи құжаттарды сақтау, жүйелеу және халыққа қолжетімді ету – уақыт талабына сай жаңаруды қажет етеді. Облыстық мемлекеттік архиві бұл бағытта ауқымды жұмым атқаруда, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Архив – ел тарихының айнасы. Мұнда өткен дәуірдің тыныс-тіршілігінен сыр шертетін мыңдаған құжат, фотосурет пен құнды дерек сақтаулы. Олардың әрқайсысы – тарих үшін маңызды мұра. Сондықтан құжаттарды сақтап қана қоймай, оларды цифрлық форматқа көшіру де күн тәртібіндегі мәселелердің бірі.

Цифрландыру архив материалдарын іздеуді жеңілдетіп, зерттеушілер мен тұрғындардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Бұл — Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың пікірі. Бұл бағытта облыста ауқымды жұмыс атқарылған.

«Қазіргі таңда облыстық архив ғимаратында екі миллионнан астам құжат сақтаулы. Оның 13 пайызы – құнды деректер. Ат басындай алтыннан қымбат жазбалардың барлығын цифрлық жүйеге енгізген. Сонымен қатар, кітаптарды ЖИ арқылы қызықты етіп, жастарға көрсеткіміз келеді», — Сәуле Зейноллақызы.

Тағы оқыңыз: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мамандарынан кеңес алу жеңілдеді

Поделиться:

Shares