Қытайлықтар пестицидтер мен тыңайтқыштар өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Жобаның болжамды құны — 10 млрд теңге. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «XIYU AGRICULTURAL PTE. LTD.» компаниясының құрылтайшысы Гы Кайхуамен кездесуінде айтылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Компания «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында тағы бір зауытты ашуды ойластырып отыр.  Ол пестицидтер мен тыңайтқыштар өндіретін нысан.  Жобаның болжамды құны — 10 млрд теңге.  Бұл жобалар ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу көлемін ұлғайтуға және аграрийлерді қажетті өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында облыста инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін дамыту жұмысы жалғасуда. Негізгі мақсат — жаңа өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашу, қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту.

Бұған дейін қытайлық серіктестермен бірлесіп, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда «Kazmeal» құрама жем зауыты жобасы сәтті жүзеге асырылды. Өткен жылы ҚХР-ға сапар барысында осы ауданда май экстракциялау зауытын салу жөніндегі келіссөздер басталды. Биыл құны 81 млрд теңге болатын жоба іске асырылып жатыр. Кәсіпорын тәулігіне 1 400 тоннаға дейін майлы дақылдар шикізатын өңдеуге қауқарлы болады.

Тағы оқыңыз: Қызылордадан Ресейге бара жатқан ер адамды СҚО құтқарушылары аман алып қалды

Поделиться:

Shares