Петропавлда «Дала дәмі» атауымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Шараға облыстың алты ауданынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавлдағы үш базарда өткен жәрмеңкеде Айыртау, Тайынша, Шал ақын, Аққайың, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев ауданының шаруалары өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелеріне сиыр, шошқа және қой еті, құс еті, сүт өнімдері, бал, картоп, сәбіз, қызылша, қырыққабат, пияз, балық және жұмыртқа қойылды.

Тауарлардың бағасы дүкендегіден  15-20 пайызға төмен. Жалпы 4 934 келі өнім сатылып, сауда айналымы сегіз миллион теңгені құрады.

Петропавлда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде бес тоннаға жуық өнім сатылды
Петропавлда өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде бес тоннаға жуық өнім сатылды

«Дала дәмі» бірыңғай форматы бойынша бүгінге дейін Петропавлда үш жәрмеңке ұйымдастырылған. Осы уақыт аралығында 14 147 келі ауыл шаруашылығы өнімі сатылды», — деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және тұрғындарға сапалы өнімді тікелей өндірушілерден тиімді бағамен ұсыну.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavlda-counter-strike-2-bojynsha-ajmaqtyq-twrnir-oetip-zhatyr/

Поделиться:

Shares