Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің ардагер ұстаздары қара шаңыраққа келіп, көшет отырғызды. Бұл акция өңірдің барлық мектептерінде өтуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараны «Әдістемелік орталықтың» бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл игі іс — еңбек жолын ұрпақ тәрбиесіне арнаған жандарға деген құрметтің көрінісі. Жайқалып өскен әр жасыл желек ардагерлердің еңбегін еске алып, кейінгі ұрпаққа жеткізеді. Сондықтан егілген көшеттер білім ұясының ұл-қыздарына аманат.

Шара барысында ардагер ұстаздарға мектептің жоғары сынып оқушылары көмектесті. Білім саласының майталмандары ұл-қыздарға өмірлік ақыл-кеңестер айтты. Бұл шараның басты мақсаты да осы. Роза Нұртазина білім саласында 40 жылдан астам еңбек еткен. Жуырда еңбек демалысына шыққан. Қазір үйдегі немерелерін бар жақсыға баулып жүр.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысып, елдің дамуына үлесімді қосып жүргеніме қуаныштымын. Бүгінгі еккен ағаштарымыз өсіп, аумақ шыршалы орманға айналарына сенімім мол. Мектепке жиі кеп тұрамын», — деді ардагер ұстаз Роза Нұртазина.

Шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдегі барлық мектептерде ұйымдастырылды. Бұл күні барлығы 2 мыңға жуық көшет отырғызылмақ.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavlda-zhol-belgileri-kaesipkerlerding-zhumysyna-kedergi-keltirdi/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *