Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз, қаныққан және трансмайлар мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын шектеу ұсынылды. Оны ҚР Денсаулық министрлігі бастап отыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Министрлік телеарналар мен радио, әлеуметтік желілер және сыртқы жарнамада мұндай өнімдерді насихаттауға шектеу енгізу бойынша заңнамаға өзгерістер әзірлеген.Ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленген. Денсаулық сақтау министрлігі бұл шаралардың мақсаты белгілі бір өнімдерді сатуға тыйым салу емес, олардың балалар арасында жарнамалануын шектеу екенін атап өтті.
«Министрлік құрамында тұз, қант, қаныққан және трансмайлар мөлшері жоғары тамақ өнімдерінің жарнамасын теле- және радиоарналарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама құралдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.
Қазір ұсынылған шектеулердің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу жұмыстары басталған. Министрліктің мәліметінше, 6–9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық салмақ бар. Ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.
Ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары негізінде әзірленген. Денсаулық сақтау министрлігі бұл шаралардың мақсаты белгілі бір өнімдерді сатуға тыйым салу емес, олардың балалар арасында жарнамалануын шектеу екенін атап өтті.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы ағза донорын күтіп отырған жандардың көбі бүйрекке мұқтаж

