Жұмыссыз қалсаңыз, мемлекеттен алты айға дейін қаржылай көмек алуға болады. Жыл басынан бері елімізде бұл төлемге 25 мыңнан астам азамат қол жеткізген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Елде ресми түрде 446 мыңнан астам жұмыссыз ретінде тіркелген. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыссыз қалғандарды қаржылай қолдап, қаражат аударады. Жыл басынан бері 25 мың 600-ден астам отандасымыз жәрдемақыға ие болды.

Төлем алу үшін Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Алайда орталықта тіркелгендердің бәрі бірдей көмекке ие болмайды. Қордан қаражат алу үшін азамат соңғы 2 жыл ішінде кемінде 6 ай жұмыс істеп, жұмыс беруші тарапынан тиісті жарналар түскен болуы шарт.

«Соңғы екі жылда орташа айлығын есептейміз. Сондықтан соңғы екі жылда ең азы 6 айға әлеуметтік аударымдары болуы керек. Және төлемнің мөлшері негізінен оның соңғы 2 жылдағы айлығына байланысты және еңбек өтіліне байланысты. Қанша жыл сол азамат үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар түсіп отырды. Төлемнің көлемі негізі орташа айлығының 45 пайызын құрайды» — дейді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ресми өкілі Гүлбағила Болатбекова.

Өтінімді eGov.kz порталы, 1414 СМС-сервисі арқылы онлайн немесе ХҚКО мен Мансап орталығына барып қалдыруға болады. Құжаттар сегіз жұмыс күні ішінде қаралады.

Тағы оқыңыз: Партиялар өңірлік күн тәртібін қорытындылап, науқанның мәресіне шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *