Солтүстік Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкеріне күш қолданған ер адамға сот үкімі шықты. Ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады Qazaqstan Media.
Іс Шал ақын ауданының ауданаралық сотында қаралды. Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 23 маусымында Ұзынжар ауылының маңында болған. Тергеу барысында анықталғандай, мас күйде болған ер адам жедел медициналық көмек көрсетіп жүрген медицина қызметкеріне шабуыл жасаған. Ол фельдшерді аяғымен бірнеше рет теуіп, қолынан қатты ұстап, дене жарақатын салған. Салдарынан медицина қызметкері физикалық ауырсыну көріп, кәсіби міндетін толық атқара алмаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушының әрекетін тоқтатқан.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдары мен жиналған дәлелдемелер арқылы да дәлелденген. Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 380-3-бабының 3-бөлігі («Қызметтік міндеттерін атқару үстіндегі медицина қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану») бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Тағы оқыңыз: СҚО-да мас жолаушы жедел жәрдем қызметкерін соққыға жықты

