Петропавлда көшенің қақ ортасында қауіпті «дрифт» жасаған BMW жүргізушісі алты айға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға сағат 15:30 шамасында Интернациональная мен Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Полицияның мәліметінше, BMW жүргізушісі оңға бұрылу кезінде көлікті әдейі сырғанатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Кейін өз жолағына қайта оралуға әрекет жасағанымен, басқа көліктер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.

Патрульдік полиция қызметкерлері бейнебақылау инспекторларымен бірге құқық бұзушыны анықтап, тоқтатты. Оның 22 жастағы Петропавл тұрғыны екені белгілі болды.

Әкімшілік сот жүргізушіні қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырды. Ал автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Тексеру барысында жүргізушінің биыл мамыр айында көліктің шығару жүйесін заңсыз өзгерткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда ол заң бұзушылықты жоймаған. Бір жыл ішінде мұндай құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 120 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтаған. Оның ішінде қарсы қозғалыс жолағына шығудың 90 дерегі, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің 1084 фактісі тіркелген. Сондай-ақ 594 мас жүргізуші ұсталған. Ал жылдамдықты асырудың 70 мыңға жуық фактісі аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен анықталған.

Тағы оқыңыз: Аризона және Қозыбаев университетінің бірлескен жобалары Үкіметте талқыланды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *