Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінің оқу бағдарламасына бірнеше жаңа міндетті пән енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Министрдің айтуынша, білім беру мазмұны жаңа пәндермен және курстармен толықтырылады. Атап айтқанда, 5–7-сынып оқушылары үшін «Конституция негіздері» пәні енгізіледі. Ал 8–11-сыныптарда «Заң және тәртіп» пәні оқытылады.

Сонымен қатар 5–11-сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» міндетті курсы енгізілмек. Бұл пән балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды тақырыптарды қамтиды.

Тағы бір жаңалық – келесі оқу жылынан бастап 8–9-сыныптарда «Қазақстан географиясы» пәні қайтадан оқытылады. Бұған дейін таңдау пәні ретінде жүргізілген «Құқық негіздері» курсы енді барлық оқушы үшін міндетті болады. Оның мазмұны жаңартылып, Конституция қағидаттарына сәйкестендіріледі.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, оқу бағдарламаларында ауызша сөйлеу мәдениетін, мәтінді түсіну қабілетін, оқу сауаттылығын және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағыттағы тапсырмалар да күшейтілмек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да учаскелік полицей ұрланған шиналарды сатуға көмектескен

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *